Рамазан - айлардың сұлтаны. Бұл айда ниет етіп ауыз бекіткен барша жан дұға-тілек тілеп қана қоймай, рухани тазарып, бір-біріне ыстық ықыласын шынайы білдіреді. Сондай-ақ асыға күткен ауызашар уақытында жақындармен бірігіп ауызашар асынан дәм татып, мол сауаптан үміт етеді.
Осы орайда рамазан айының соңғы күні оқу орнымызда жатақхана тұрғындарына ауызашар асын беру шарасы ұйымдастырылды. Шара барысында құрбандыққа мал шалынып, құран бағышталды. Жатақхананың 250-ге жуық барлық тұрғындары бас қосқан шарада ауызашар асынан дәм татылып, жылы тілектер айтылды.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Айтылған дұға-тілектер мен құранымыз қабыл болсын!