Оқу орнымызда «Физика-математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің информатика пәнінің оқытушысы Султанова Тоты «Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» тақырыбында шеберлік сағатын өтті.
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін дәріптеу және баламен жағымды қарым-қатынас құру, екі жақты тәрбиелеуді қолға алуға үгіттеу.
Аталған шеберлік сағатында бірқатар әдіс-тәсілдер пайдаланып, қатысушы оқытушылармен түрлі тәжірибелер жасалды. Бала тәрбиесінде мұғалімнің рөлі мен қатар ата-ананың рөлі насихаталып, шеберлік сағатының басы психологиялық ахуал құрастырумен бастау алды. «Сәлемдесу» әдісі арқылы жағымды көңіл-күйді қалыптастыра отырып, жағдаяттарды шешу арқылы қиындықтан шығу жолдары көрсетілді. Сонымен қатар, «Губка» әдісі арқылы бала бойынша берілетін тәрбиеде жақсы мен жаманды ажырата отырып, эксперименттер жасалды.
Қатысушы ұстаздар барлық ойын-жаттығуларына белсене атсалысып, шара соңында Тоты Сұлтановаға зор алғыстарын білдірді.