КІТАП - САРҚЫЛМАС РУХАНИ ҚАЗЫНА

КІТАП - САРҚЫЛМАС РУХАНИ ҚАЗЫНА

2024-04-16

Оқу орнымызда “Шетел тілі” бөлімінің студенттерімен «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында «КІТАП - САРҚЫЛМАС РУХАНИ ҚАЗЫНА» атты танымдық шара өткізілді.

Мақсаты - студенттерге кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.

Студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романындағы кейіпкерлерге мінездеме беру, өзіндік көзқарастарын білдіру.

Шара барысында студенттер суреттер бойынша шығарманың атын тауып, туынды авторы туралы тың деректермен алмасты. Интерактивті тақтадан «WordWall» платформасы арқылы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап берді.

Студенттер топқа бөлініп басты кейіпкерлерге мінездеме жазып шықты.

Слайдта көрсетілген жағдаятты шешу аясында шағын пікірталас жүргізді.