Дәстүрлі садақ ату

Дәстүрлі садақ ату

2024-04-16

“Q-Med company group” ЖШС мен “Sapa Ka” ұлттық киімдер орталығының қолдауымен “Дәстүрлі садақ ату” клубының ұйымдастыруымен “Дәстүрлі садақ ату” спортынан облыстық ашық біріншілікте “Шетел тілі” бөлімінің ШТ-М-21 тобының студенті жүлделі ІІ орын иеленді. Сондай-ақ “Q-Med company group” медицина орталығына 30 000 (отыз мың) теңгелік сертификат ұтып алды.

Жүлдегер студенттің жеңімпазы “Дене тәрбиесі және спорт” бөлімінің оқытушысы Талгат Нарымбетов

Аталған біріншіліктің “ләңгі тебу” сайысы бойынша 63 рет ләңгі теуіп, қатысушылар арасында үздік ойын өрнегін көрсеткен “Дене шынықтыру және спорт” бөлімінің оқытушысы Талғат Нарымбетов “Q-Med company group” медицина орталығына 50 мың (елу мың) теңгелік сертификат ұтып алды.

Жеңімпаз спортшыларға жеңіс тұғырынан түспеңіздер деп тілек білдіреміз!