Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Шетел тілі” бөлімінің ұйымдастыруымен “Мен оқыған кітап” тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.
Шараға “Шетел тілі” бөлімі меңгерушісі Мөлдір Меңдібаева, колледж кітапханашысы Зульфия Пазылова, ШТ-М-22 тобының жетекшісі Сания Ибрагимова қатысты.
Ашық тәрбие сағаты “Ой қозғау” сәтінен басталып, “Әлемдегі ең көп кітап оқитын ел” тақырыбындағы интеллектуалды сұрақ аясындағы пікірталас өтті. Сонымен бірге топ студенттері Fast-translator мақал мәтел ойынын ойнап, әр ұяшықта жасырылған мақал мәтелді жылдам ағылшын тіліне аударудан шапшаңдық деңгейін салыстырды. Шара барысы пікірталас алаңына ұласып, “Электронды оқулықтардың зияны” және “Электронды оқулықтардың пайдасы” тақырыбында пікір таластырды. Сабақ соңында әр топ студенті өзінің оқыған ең сүйікті кітабы туралы қызықты, тың деректермен бөлісіп, оқырман қауымға түрлі әдіспен жарнама жасады.