Оқуға құштар колледж

Оқуға құштар колледж

2024-04-19

“Оқуға құштар колледж” жобасы аясында “Филология” бөлімінің ұйымдастыруымен колледжішілік танымдық сағат өтті.

Мақсаты - жас оқырмандардың кітап оқуға, әдеби туындыға қызығушылығын арттыру, кейіпкерлер бейнесін анықтауға және тануға баулу.

Бөлімнің 1-3 курс студенттері қатысқан шарада студенттер топқа бөлініп, өздері оқыған шығармаларды прещентация арқылы талдады. “Филология” бөлімінің оқытушысы Л.Әзбергенованың ұйымдастыруымен өткен шара барысында автор идеясы, туынды желісі, кейіпкерлердің образдық ерекшелігі талданып, жаңа технологияларды пайдалана отырып презентация көрсетті.