Бүгін 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтудің облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес 9-00.де колледж ауласында мемлекеттік әнұран орындалды.
Аталған шараға оқу орны басшысы, оқытушылар және барлық студенттер қатысты. Рәміздер күні аясындағы жиында төл нышандарымыздың маңыздылығы мен мәні насихатталып, тарихына шолу жасалды.