Оқу орнымызда “Шетел тілі” бөлімінің оқытушысы Әбіл Бауыржанның “Топтағы студенттердің ынтымақтастығын арттыру” тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Жеке тәжірибе алаңына отызға жуық мұғалім қатысып, тиімді уақыт өткізді. Шара барысында Әбіл Бауыржан топтағы білім алушылардың ынтымақтастығын арттырудың бірнеше әдіс-тәсілдерін ұсынып, ұжымдық қарым-қатынасты нығайтатын түрлі ойындар мен тренингтер өткізді. Атап айтқанда “Тыңдай білу іскерлігі”, “Сиқырлы сөз - иә”, “Мен саған сенемін”, тренингтері мен “Мен сізді тыңдап отырмын” жаттығуын қатысушылармен бірге орындады. Сондай-ақ қарым-қатынастағы сыйластық пен жеке бас мәдениетін қалыптастыратын “Сиқырлы сөздер” ойыны ойналды.