Үздік топ жетекші –2024

Үздік топ жетекші –2024

2024-05-04

Оқу орнымызда дәстүрлі түрде « Үздік топ жетекші –2024 » байқауы өткізілді.

Мақсаты - топ жетекші қызметінің маңыздылығын айқындау, кәсіптік, техникалық бiлiм беру мазмұнында базалық құндылықтар: қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершiлiк, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылдық, ашықтық, өмiр бойы бiлiм алуды қалыптастыру болып табылады.

Аталған сайыстың алғашқы кезеңдері сәуір айынан басталып, қатысушылар топпен жұмыс (студент жетістігі мен сабаққа қатысуы, тәрбие сағаттар және топ студенттерімен атқарлыған жұмсытар) және ашық тәрбие сағат өткізу бойынша бәсекеге түсті.

Топ жетекшілер байқауына әр бөлімнен бір топ жетекші қатысып, сәуір айынан бастап түрлі кезеңдер бойыншп бақ сынады. Олардың қатарында:

1. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бөлімінің топ жетекшісі – Ділманова Ғазиза

2. «Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің топ жетекшісі – Әлібаева Мөлдір

3. «Филология» бөлімінің топ жетекшісі – Қонысов Жәнібек

4. «Физика, математика және ақпараттық жүйе» бөлімінің топ жетекшісі – Шапшанова Гүлмира

5. «Өнер» бөлімінің топ жетекшісі – Қойшагова Гүлжаухар

6. «Шетел тілі» бөлімінің топ жетекшісі – Сәуле Баймұрат

7. «Дене тәрбиесі және спорт» бөлімінің топ жетекшісі – Даутов Дулат

Топ жетекшілер байқауына директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, комиссия төрағасы Исаева Гүлдана, Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі Шермаханова Роза, кітапхана меңгерушісі, комиссия мүшесі Пазылова Зульфия және колледж әдіскері, комиссия мүшесі Башарова Гүлшара, кәсіподақ төрайымы, комиссия мүшесі Нұрадинова Гүлсім әділ қазылық етті.

Интеллектуалды сайыс:

- «Менің көңілді тобым» таныстыру кезеңі

- «Ұшқыр ойдан белсенді әрекетке» педагогикалық жағдаяттарды шешу

- Лайфхак (өз өнерін үлгі етіп көрсету) кезеңдері бойынша өтті.

Әділқазы алқаларының шешімімен:

«Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің топ жетекшісі Мөлдір Әлібаева «Үздік топ жетекші»,