ЕЛ ЕРТЕҢІ - БҮГІНГІ ЖАС ҰЛАНДАР

ЕЛ ЕРТЕҢІ - БҮГІНГІ ЖАС ҰЛАНДАР

2024-05-07

Оқу орнымызда “Дене тәрбиесі және спорт” бөліміне қарасты СС-Т-23 тобының ұйымдастыруымен “Ел ертеңі - бүгінгі жас ұландар” тақырыбында ерлік сабағы өтті.

Шара мақсаты - Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні мерекесіне орай батырлар ерлігін, ел тарихындағы елеулі оқиғаларды насихаттау. Сағадат Нұрмағамбетовтің туғанына 100 толуына орай батырдың ерлігі мен қайсарлығын келешек ұрпаққа дәріптеу.

Ерлік сабағына Қазақстан Республикасы қарулы күштер ұйымының төрағасы подполковник Ршауов Мыңділдә, Запастағы медицина қызметінің подполковнигі Махамбетов Рамазан, сала маманы Нұрбол Басаров және топ жетекшісі Нұрмағамбетов Медет пен топ студенттері қатысты.

Шарада сала мамандары еліміздің тыныштығын мен қауіпсіздігі жолында кірпік қақпай шекара шебінде, қауіпсіздік саласында, әскери қызметте болудың жүгі мен жауапкершілігін, Отан үшін адал қызмет етудің ең маңызды міндет екенін, ата-бабаларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған ел мен жердің құндылығын дәріптеп, білім алушы жастарға Сағадат Нұрмағамбетовтың ел үшін сіңірген еңбегін, тарихи тұлғаның болмысын, батырлығын дәріптеді.