Бүгін оқу орнымызда кәмелет жасқа толмаған білім алушылармен құқық бұзушылықтың, топтық төбелестің алдын алу, «Балалар түнгі қалада» тақырыбында жедел профилактикалық іс-шарасын түсіндіру бойынша жиналыс өтті.
Мақсаты - құқық бұзушылықтың алдын алу және жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. “Балалар түнгі қалада” жедел профилактикалық іс-шарасын түсіндіру.
Түсіндірме жұмысы аясындағы жиналысқа директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Исаева Гульдана, ҚПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ-ры полиция майоры, колледж инспекторы Алдоңғаров Сәбит, колледж психологы Жанат Уалибекқызы және ұйымдастырушы педагог Жәнібек Айбибі, 1 курс студенттері мен топ жетекшілері қатысты.
Жиын барысында құқықтық тәрбие, құқықтық заң нормалары, бұзақылық түрлері және заң аясында тағайындалатын жаза туралы айтылды. Сондай-ақ кәмелет жасына толмаған балалардың беймезгіл уақытта ата-ана бақылауынсыз жүруі, ішкі тәртіп ережесіне бағыну және құқықтық сауаттылықты арттыру бағыттары кеңірек талқыланды.
Қызылорда Қалалық Полиция Басқармасы ЮП Кызылорда Qyzylorda PD