Мектепке дейінгі тәрбие

Мектепке дейінгі тәрбие

2024-05-12

”Мектепке дейінгі тәрбие” бөлімінің оқытушысы Есмаханова Ұлжан Әлібайқызының топта сенімділік пен ашықтық атмосферасын құру, қарым-қатынас процесіне кедергі келтіретін себептерді түсінуге көмектесу және қарым-қатынастың негізгі ережелерімен және әдістерімен таныстыру мақсатында «Білім алушылармен жағымды қарым – қатынасты орнатудың тиімді жолдары» тақырыбында шеберлік сағаты өтті.

Озат оқытушының тәжірибе алаңына барлық оқытушылар белсенділікпен қатысты. Шара барысында Ұлжан Әлібайқызы білім алушылардың арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға байланысты бірнеше ойын–жаттығулары мен тренингтер өткізді. Оның ішінде “Көзімнен таны", "Құбыр" ойыны, «Жүрегіме үңілші» және «Жүйрік ой» жаттығулары оқытушылар көңілінен шықты. Шеберлік сағатын қорытындылауда оқытушылар өз әсерлерімен бөлісе отырып, пікірлерін білдірді.