Бүгін оқу орнымызда 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне орай “Филология” бөлімінің ұйымдастыруымен эсселер байқауы өтті.
Жазба жұмысы сайысына бөлімнің отызға жуық білім алушысы қатысып, “Мен және менің отбасым” тақырыбын тарқатты. Мерейлі мереке аясында өткен байқау
студент жастардың шығармашылығын шыңдап қана қоймай, отбасылық құндылық, жанұялық жылулықтың қадірін тереңінен ұғындырды.
Байқау қорытындысында І орынды
ҚТ-Ж-23 тобынан Әбілхан Аруна,
ІІ орынды ҚТ-З-22 тобы студенті Ниязбекқызы Жібек және ІІІ орынды ҚТ-З-22 тобынан Двоеглазова Виктория жеңіп алды.