“Мектепке дейінгі тәрбие” бөліміне қарасты МДБ-Т-23 оқу тобының топ жетекшісі және колледж психологтарының ұйымдастыруымен “Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі” атты семинар-тренинг өтті.
Мақсаты - қазақ қызының бойындағы ұлттық дәстүрімізге сай әдептілік, көріктілік, ептілік, инабаттылық, кішіпейілділік, сұлулық және ұлттық қасиеттерін таныта білу.
Шараға колледж психологтары Ж.Уалибекқызы мен Ұ.Арысқызы қыз тәрбиесі жайлы кеңірек ақпарат беріп қыз тәрбиесіне және салауатты өмір салтын ұстануға байланысты тренингтік жаттығулар жүргізді.