Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында шара өтті

Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында шара өтті

2024-05-24

Оқу орнымызда ”Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі” бөліміне қарасты ББ-П-22 тобының ұйымдастыруымен «Біз нашақорлыққа қарсымыз» тақырыбында шара өтті.

Мақсаты – нашақорлықтың адам өміріне қаупі, ғасыр індетінің алдын-алу шаралары және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде түсіндірме жүргізу және зиянды әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелік шараға бөлім меңгеруші Арыстанбекова Гүлзира, колледж медбикесі Айжанова Гүлжахан, «Тәрбие» бөлімінің маманы Махаббат Қожабай, топ жетекші Әбиева Гүлжайна және студенттер қатысты. Жиын барысында аталған тақырып бойынша видеоролик көрсетіліп, сахналық қойылым қойылды. Тәні саудың – жаны сау» тақырыбында сұрақ — жауап айдары өтіп, қатысушылармен рефлексиялық жұмыс жүргізілді