ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

2024-09-23

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде Қазақстанның әр өңірінен Елордаға жиналған шеберлер алып құрақ көрпе тігіп, рекорд орнатты. 8 қыркүйек күні Астанада V дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өткен. Сонда 450-ден астам шебер құрақ тігіп шыққан. Осылайша олардың бірлесе жасаған жұмысы Гиннес рекордтар кітабына тіркелетін әлемдік рекорд болып шықты.
Қызылорда облысы атынан 16 құрақшы қатарында колледждің «Өнеркәсіп өнімдерінің дизайны» мамандығы ДЗ-Ө-21 тобының студенті Төлеш Айдана (Анасы: Байжанова Кулайхан Султанова) Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында өткен АЛАМАН құрақ жобасына қатысып, 11200 кв метрді құрайтын 450 көрпе құрап, (ені бойынша 16 қатар – 40 метр, ұзындығы бойынша 28 қатар – 252 метр) рекорд орнатушылар қатарына еніп, сертификат иеленді. Көрпе тігу барысында «Гаухартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» құрақ техникалары және төртқұлақ қошқар мүйіз, өсімдік оюлары қолданылған. Тәуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрімізді насихаттау жолында жасалған құрақшылар еңбектері жана берсін, халқымыздың талай ғасырлық өмірлік тәжірибесін әлемге танытар жастарымыз көп болсын! Өнерің өрге жүзсін, жас шебер!