МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

МЕЙІРІМДІЛІК ӘЛЕМДІ ҚҰТҚАРАДЫ

2024-10-12

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Мейірімділік әлемді құтқарады» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Шара барысында жанашыр жастар бас қосқан қайырымдылық акциясында студенттердің өздері пісірген тәттілері мен тоқаштары сатылымға қойылды. Қайырымдылық жәрмеңкесіне білім ордасының ұжымы үлкен белсенділікпен ат салысып, үлгілі іске өзіндік үлестерін қосты. Жақсылық жасап жарысқан бұл шара білім шаңырағында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Аталмыш жәрмеңкеден түскен қаражат алдағы уақытта ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларына жұмсалатын болады.

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің»,– дейді дана халқымыз. Жақсылыққа бағытталып, жан жылуына арналған қайырымдылық шарасының студент жастарға берер тәрбиелік мәні зор. Осы орайда, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын белсенді жастардың көп болғандығын ерекше атап айтуға болады.