«BOOK TIME-2024» АРНАЙЫ ПӘН ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

«BOOK TIME-2024» АРНАЙЫ ПӘН ПЕДАГОГТАРЫ АРАСЫНДА ТАНЫМДЫҚ САЙЫС ӨТТІ

2024-10-23

Колледж кітапханасында «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясындағы білім алушыларды пән арқылы кітап оқуға қызықтыру мақсатында «BOOK TIME-2024» арнайы пән педагогтары арасында танымдық сайыс өткізілді. Сайыс кезеңдері:
1-кезең. Білім кілті-кітапта. Өзі оқыған көркем әдебиетті таныстырып, оның мазмұнын 3 сөйлемге сыйдырып айту, үш тірек сөзбен түйіндеу.
2-кезең. Мақал - сөздің мәйегі. Білім, кітапқа байланысты мақалдар жасырылады. Жалғасын табу, түсіндіру.
3-кезең. Көңілді тапқырлар. Бұл кезеңде қатысушы өзіне берілген әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
4-кезең. FILA әдісі бойынша шығарма мазмұнына талдау.
5-кезең. «Өзіңді тексер» тренинг-ойыны. Қатысушы оқыған кітабы бойынша «кітап» сөзіне сөзжұмбақ құрастырады.
«Кітап - білім бұлағы, Білім - өмір шырағы!» Мұғалім алдымен балаға өзі үйрететін нәрсесін жақсы білуі керек. Сондықтан да ұстаздар қауымы үздіксіз білім жетілдіру, өмір бойы жетілу, даму үстінде болады.