ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ОТБАСЫ

ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ОТБАСЫ

2024-11-03

Бақытты, берекелі отбасы – еліміздің басты байлығы. «Отан – отбасынан басталады» деп, отбасы құндылығы мен татулығын, отбасы бақытын ерекше бағалаған халқымыз отбасы институтын, адамгершілікті, нығайтып, ата-аналардың бала тәрбилеудегі жауапкершілігін арттырып жүрген, отбасылық құндылықтарды, отбасының жағымды имиджін кеңінен насихаттап жүрген аға буынның тәлімін жастарға үлгі ету мақсатында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжіндегі ата –аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысы шаралары аясында Мектепке дейінгі тәрбие бөлімі МДБ-Т-22 тобының ұйымдастыруымен «Тәрбие негізі - отбасы» тақырыбында отбасылық сайысы өткізілді..

Отбасылық сайысқа Мектепке дейінгі тәрбие бөлімінің төмендегі топ білімалушылары отбасымен қатысып, бақ сынасты.

МДБ-Т-22 тобынан Абезовтер отбасы

МДБ-Т-23 тобынан Сәбитовтер отбасы

МДБ-Қ-23 тобынан Абатовтар отбасы

МДБ-Т-24 тобынан Сейтқазиевтер отбасы

МДБ-Қ-24 тобынан Өтеповтер отбасы

Сайыс бағдарламасы бес кезеңнен тұрды.

1.«Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер» — атты отбасылардың таныстырылуы. Отбасы тарихын сипаттау (отбасылық дәстүрлер, құндылықтар, отбасындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері)

2. «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер» — Күзгі көрініс қолөнер бұйымдарын қорғау. (Көкөніс, жеміс- жидек, дәнді дақылдармен көрме)

3. «Тәрбие тірегі отбасында» — жағдаят сұрақтарына жауап беру.

4. Отбасылық өнер сайысы.(ән күй, би)

5.«Ойын іс-әрекеті – біздің отбасылық тәжірибеде» (үй тапсырмасы, бейне ұйымдастырылған іс-әрекет) Ойын әрекетінің мектепке дейінгі жастағы балалардың негізгі әрекеті ретінде көрінуі

Жүлделі орындарды анықтау үшін әділқазылар алқасы, әр отбасының өнерін, шығармашылық қабілетін, ынтымағын және белсенділігін ескеріп, жеңімпаздарды жүлделі орындармен марапаттады.

Бас жүлде:МДБ-Қ-24 тобынан Өтеповтер отбасы

1 орын:МДБ-Т-23 тобынан Сәбитовтер отбасы

2 орын :МДБ-Қ-23 тобынан Абатовтар отбасы

3 орын:МДБ-Т-22 тобынан Абезовтер отбасы

3 орын:МДБ-Т-24 тобынан Сейтқазиевтер отбасы