М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде топ жетекшілері мен білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері бойынша «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің топ жетекшісі Мансурова Меруерт Алмабекқызы «Бала тәрбиесі - ортақ іс» тақырыбында арнайы шеберлік сабағын өтті.
Педагогтың білім алушылармен, ата-анамен қарым-қатынаста ұйымдастыратын жұмыстарының маңыздылығын арттыруға бағытталған шара топқа бірігу, «Мен ғажайыппын» топтық жұмысы; АРТ терапия; Мақтаулы қошемет кезеңдерінен тұрды.
Шеберлік сабағында ағартушы ғалымдардың тәрбиеге қатысты қанатты сөздері арқылы топ жетекшілері 4 топқа бірігіп, «Мен ғажайыппын» топтық жұмысын орындады. Топтық жұмыста топ жетекшілері «Өнегелі 15 минут» тәсілі бойынша сюжет құрастырды, «Күй күмбірі» әдісі бойынша қасық оркестрін ұйымдастырды, «Суретті аяқта» бойынша берілген суретті аяқтап, бала тәрбиесіне қатысты тұжырым жасады, «Үнемді тұтын» айдары бойынша жадынама құрастырып, көпшілікке ұсынды.
Сонымен қатар педагогтарымыздың бойындағы деструктивті эмоцияларды анықтап, олармен жұмыс жасау мақсатында «АРТ терапия» жүргізіліп, қатысушыларға мақтау, қошемет көрсетілді.
Шара соңында оқытушылар алған әсерлерімен бөлісіп, керемет көңіл-күйде ыстық ықыластарын білдірді.