НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ

НАШАҚОРЛЫҚ - ҚОҒАМДЫҚ ДЕРТ

2024-11-05

Қазіргі уақытта жеке адамға және бүтіндей қоғамға қатер тудырып отырған дертті мәселелердің бірі – зиянды әдеттерге тәуелділік. Жастардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, зиянды нәрселерден аулақ болуға тәрбиелеу, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты түсіндіру де өте маңызды.
Осы мақсатта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде «Нашақорлық-қоғамдық дерт» тақырыбында нашақорлықтың алдын алу сағаты өтті. Облыстық жастар денсаулық сақтау орталығының маманы Алмурзаева Гүлдана Айтмағанбетқызы арнайы келіп, студенттерге зиянды әдеттердің адам ағзасына тигізер әсері және электронды Вейп, гло, эйкстың зияндары туралы айтып, кеңес берді.
Кездесу барысында темекі шегу зардаптары, ішімдіктің зардабы туралы нақты мысалдармен бөлісіп, өміріндегі ең жарқын жастық шақтарында дендерінің саулығына бүгіннен бастап қамқорлық жасауға шақырды.