«МАРЖАН СӨЗ, ҚОҢЫР ҮН» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«МАРЖАН СӨЗ, ҚОҢЫР ҮН» КОЛЛЕДЖІШІЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

2024-11-05

Колледж студенттері арасында «Маржан сөз, қоңыр үн» жүргізушілер байқауы өтіп, жеңімпаздары анықталды.
Іс-шараның мақсаты оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, оқушы бойындағы сенімсіздікті жойып, көпшілік алдында еркін сөйлеуге үйрету және түрлі іс-шаралардың жүргізушілерін дайындау болып табылады.
Барлығы 16 білім алушы қатысқан тартысты бәсекеде 1-орынды «Өнер» бөлімінің студенті Ібан Жасұлан (МБ-В-22 тобы), 2-орынды «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің студенті Әлеш Еркемай (МДБ-Т-22 тобы), 3-орынды «Филология» бөлімінің студенті Самен Қанатбек (ҚТЗ-22 тобы) иеленді.
Бойында дарыны, табиғи таланты бар өнерлі студенттердің мүмкіндіктерін жетілдіру, өнерлі жастардың шығармашылығын шыңдау, өнерге деген қызығушылығын нығайтып, жастардың тіл тазалығын, сөйлеу мәдениетін дамытуда аталған байқаудың үлкен орны бар.
Облыстық жүргізушілер сайысына жолдама алған жеңімпаздарымызға сәттілік тілейміз!