Құқықтық сауаттылық - заңды сақтауға және қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке үлес қосуға бағытталған маңызды құндылық. Құқық бұзушылықтың салдары мен оған жауапкершілік жайлы білім әр азамат үшін маңызды.
Осы мақсатта М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «Құқықтық сауаттылық - заман талабы» атты құқықтық сағаты өтті. Қызылорда қалалық полиция департаментінің инспекторы Сәбит Алдоңғаров арнайы келіп, студенттерге құқық бұзушылықтың қоғамға тигізер зияны мен жауапкершілігі жайлы кеңес берді.
Кездесу барысында инспектор Сәбит Алдоңғаров құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы, тәртіп бұзушылықтың салдары, ұрлық, интернет алаяқтық жайында нақты мысалдармен бөлісіп, заңды сақтаудың қажеттілігін атап өтті.
Құқықтық сауаттылық - қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сарқылмас қазына.