МЕН ОҚЫП ШЫҚТЫМ, СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН

МЕН ОҚЫП ШЫҚТЫМ, СІЗГЕ ДЕ ОҚУҒА КЕҢЕС БЕРЕМІН

2024-12-08

Оқытушылардың өзі оқыған сүйікті кітабын жарнамалау, оқу мәдениетінің деңгейін, оқу белсенділігін артттыру, әдеби туындыларға қызығушылықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған шарада қатысушылар өзі оқыған кітаптарына презентация жасап, кітаптың мазмұны мен негізгі айтар ойын көпшілікке түсіндіріп, оқыған кітаптарын өзге оқытушыларға ұсынып, қалаған әріптестеріне сыйлады.
Дана халқымыз сөз өнерін «Өнер алды – қызыл тіл» деп басқа өнер түрлерінен жоғары бағалаған. Қазіргі уақытта ұялы байланыс құралына телмірген ұрпаққа өнердің ішіндегі ең бір қастерлісі көркем әдебиетті оқуға деген білім алушылар қызығушылығын ояту – ұстаздар қауымының алдындағы негізгі міндеттердің бірі деп айтуға болады.
Библио жарыс нәтижесінде Мөлдір Сахиева, Іңкәр Нұртаза мен Боранбаева Шолпан презентациялары мен кітапқа жасаған талдамалары үздік деп танылып, Алғыс хаттармен марапатталды.