ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ РӨЛІ

ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ РӨЛІ

2024-12-09

«ОТБАСЫНДАҒЫ АТА-АНАНЫҢ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ РӨЛІ» тақырыбында тәрбиелік шара өтті
Қызылорда облысының білім басқармасының Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығы Республикалық «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» ақпараттық науқанын өткізу аясында «Мектепке дейінгі тәрбие» бөлімінің ата-аналарымен «Отбасындағы ата-ананың және баланың рөлі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу. Қоршаған ортаға қатыгездікпен қарауға байланысты балаларды тәрбиелеу үшін ата-аналардың жауапкершілігін сезіну, топта мейірімді және ашық атмосфера құру.
Іс-шара сәлемдесу тренингімен басталып, зорлық-зомбылықтың түрлері және оның алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, ата-аналар топтық тапсырмалар орындап, талқылау жұмыстарын жүргізіп, бір-бірімен пікір алмасты.