Колледждің оқу-әдістемелік кабинеті және бөлімдердің жоспарлы жұмысы аясында «Білім берудегі WIN-WIN нетворкингі (әріптес - серіктес - колледж)» коммуникативтік алаңы ұйымдастырылуда. «Физика-математика», «Шетел тілі» және «Бастауыш білім беру» бөлімдерінде жұмыс берушілермен коммуникативтік алаңда мамандар даярлаудағы студенттердің тәжірибе жинақтау барысындағы туындаған мәселелер қарастырылып, қазіргі қоғам мен нарықтың, жұмыс берушілердің талаптарын ескере отырып кәсіби мамандарды даярлау ісін жетілдіру міндеттері шешілді. «Физика-математика» мамандығы бойынша Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейінің мұғалімдері қатысып, болашақ физика пәнінің мүғалімі үшін пәндік тұлғалық талаптар туралы пікірін білдірді. «Шетел тілі» бөлімімен коммуникативтік алаңда С.Сейфуллин атындағы № 4 ақпараттық технология мектеп-лицейінің, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің, Көмекбай Қаракөзов атындағы №235 орта мектебінің ағылшын тілі мұғалімдері мамандықтың білім беру бағдарламасына ұсыныстарын берді. «Бастауыш білім беру» мамандығының коммуникативті алаңына С.Толыбеков атындағы №3 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT-мектеп-лицей), Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі мектептерден бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Коммуникативті алаңда әріптес серіктес өкілдері тәжірибе жинақтаушылар бойындағы пәндік, жеке тұлғалық қасиеттеріне жағымды пікірлерін, сонымен қатар өз талап тілектерін білдірді. Өз кезегінде колледж оқытушылары, әдіскерлер жұмыс берушілер өкілдеріне тәжірибе жинақтау өткізуге өз ұсыныстарын берді. Коммуникативті алаң барысында мамандықтардың білім беру бағдарламаларына ұсыныстар беріліп, екі жақты тиімді жұмыс жүргізілді. Алдағы уақытта басқа мамандықтар бойынша да коммуникативтік алаң жұмысы жалғасын табады.