«ХОР ШЫҒАРМАЛАРЫ - БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ИМПРОВИЗАЦИЯ ТІЛІ» интеллектуалды сайысы

«ХОР ШЫҒАРМАЛАРЫ - БОСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ИМПРОВИЗАЦИЯ ТІЛІ» интеллектуалды сайысы

2024-12-24

Кәсіптік тәжірибе жинақтау жұмыс жоспарына сай өндірістік оқыту аясында 4-курс білім алушылары «Өнер» бөлімінің оқытушылары С.Жайназарова, Г.Айдарбек, З.Исабаеваның жетекшілігімен «Хор шығармалары – бостандық және импровизация тілі» интеллектуалды сайысын ұйымдастырды. Мақсаты – хор шығармаларын игеру, музыкалық мұраны насихаттау.
Интеллектуалды сайыс бағдарламасына «Музыкалық білім беру» мамандығының 4-курс білім алушылары қатысты.
Студенттер концертмейстер Б.Маханованың сүйемелдеуімен хор шығармаларын орындады. Үздік студенттердің сүйемелдеуімен дауыс жаттығуы және екі-үш дауыста хор ұжымымен мектеп әндері орындалды.
Интеллектуалды сайыс студент-тыңдаушылар арасында эмоционалды жағымды ахуал туғызды және өндірістік оқытудағы білім беру үдерісі мен шығармашылық қызметті біріктірудің үлгісі болды. Сондай-ақ, Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің музыка пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Ж.А.Кусаинова студенттердің - болашақ музыка мұғалімдерін өндірістік оқытуда хор шығармаларымен жұмыс жасау тәсілдерін дербес ұйымдастырудың осы форматын жалғастыру қажеттігін атап өтті. Музыкалық аспаптар ПЦК оқытушысы М.Бименова сайысты қорытындылады. Сайыс нәтижесінде қатысушылардың қорытынды ұпайы есептелініп, дипломдармен марапатталды.