«Кибербуллинг: қоғамдық мәселе және оның шешу жолдары»

«Кибербуллинг: қоғамдық мәселе және оның шешу жолдары»

2024-12-25

Колледжімізде «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің ББ-П-21, ББ-П-21к, ББ-С-21 топ студенттері мен топ жетекшілері З.Орманова, Г.Шалапова, Ж.Тлеуова ұйымдастыруымен кибербуллинг, оның алдын алу және қорғану жоспары, интернет-алаяқтық қылмыстары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында «Кибербуллинг: қоғамдық мәселе және оның шешу жолдары» тақырыбында шара болып өтті.
Мақсаты:
• Студенттерді интернеттегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.
• Кибербуллингтің зияны мен салдарын түсіндіру.
• Қоғамдық жауапкершілікті арттыру және кибербуллингтің алдын алу бойынша ұсыныстар беру
Шараға ҚПБ ЖПҚб ЮПб УПИ-ры полиция капитаны Д.Ақкөл, «Бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі» бөлімінің меңгерушісі Г.Арыстанбекова, Қызылорда облыстық жастар денсаулық орталығының психологі Қ.Қараманова, ББ-П-21, ББ-П-21к, ББ-С-21 топ студенттері мен топ жетекшілері қатысты.
Шара барысында «кибербуллинг», кибербуллингтің түрлері, кибербуллингтің әсері, кибербуллингтен қорғану жолдары жайлы ақпараттар беріліп, сала мамандарынан кеңестер тыңдалды.
Студенттерден сауалнама алынып, кибербуллингке мысал болатын көрініс қойып, соңында талқылау жұмыстары болды. Шара соңында кибербуллингке бейім балалардың белгілерімен, кибербуллинг жағдайынан кейінгі алдын алу шаралары және кибербуллингке ұшыраған жағдайда хабарласатын жедел желі номерлерімен тыныстырылып өтті.