Кәсіптік тәжірибе жинақтау бөлімінің жоспарына сай «Тәжірибелі әдіскерлер мектебі» жұмысының аясында базалық №2 облыстық балалар оңалту орталығының педагог-логопеді А.Б.Қалдыбек пен колледж оқытушысы Р.Ж.Примжарова өндірістік оқытудан «LogoTime» шеберлік сағатын өткізді. Негізгі мақсат – мамандықтың қыр-сырын түсіну, тәжірибе жинақтау. Шеберлік сағатында білім алушылар көру, есту қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне сәйкес түзету жұмыстарын және Artik Me «Ақылды айна» арқылы артикуляция мен тыныс алу жаттығуларын көрсетті.
Шеберлік сағат білім беру үдерісін байытып, білім алушыларға олардың кәсіби дағдыларын дамыту үшін бірегей мүмкіндіктер мен тәжірибе болды.