Оқу орнымызда «Топ жетекшісі – тәрбие жүйесінің ұйытқысы» тақырыбында топ жетекшілерге арналған шеберлік сабағын қорытындылау және жаңа жылдық мерекелік шара өткізілді.
Жылды қорытындылау және көңіл көтеру бағытында өткізілген шараға директордың тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Г.Исаева және барлық топ жетекшілер қатысты. Шарада ұжымдық қарым-қатынасты арттыратын, достық ынтымақтастықты нығайтатын және қоршаған ортамен сыйластыққа тәрбиелейтін тапсырмалар беріліп, ойындар ойнатылды. Сондай-ақ жыл бойы өткізілген «Білім алушылардың қарым-қатынасын оңтайландыру барысында қолданылатын әдіс-тәсілдері» тақырыбындағы шеберлік сабағына үздіксіз қатысқан топ жетекшілер колледж директорының Алғысымен марапатталып, оқу жылы барысында топпен жоғары деңгейде жұмыс жасаған бірқатар топ жетекшілерге «Креативті жетекші», «Ізденімпаз жетекші»,«Мәдениетті жетекші», «Қамқор жетекші» және «Позитивті жетекші» номинациялары табысталды.