«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту»

2025-01-16

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 01120100 – «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы оқытушылары мен студенттері үшін SES аға сарапшылар қызметі коммерциялық емес ұйымы арқылы Германия мемлекетінен арнайы маман шақыртуда.
Мақсаты: қазіргі мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбие мен оқыту үдерісіндегі өзгерістерге байланысты болашақ мамандарды даярлау үшін шет елдердің мектепке дейінгі ұйымдарында тәрбие мен оқыту үдерісінде жүргізілетін жұмыстың ерекшеліктерімен тәжірибе алмасу.
Бүгін ZOOM платформасы арқылы Беате Керн (Beate Kern) ханыммен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында екі жақтың атқаратын жұмыстары нақтыланып, талаптары белгіленді. Одан бөлек, Беате Керн (Beate Kern) ханым өзінің дайындап отырған бағдарламасы туралы және колледждің ұсыныстарын да ескеретінін айтып өтті.