М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2025 жылдың 15 қаңтарында №3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС өтті.

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2025 жылдың 15 қаңтарында №3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС өтті.

2025-01-16

М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде 2025 жылдың 15 қаңтарында №3 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС өтті.
Күн тәртібінде 2024-2025 оқу жылының І жартыжылдығында қызметтік бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. Педагогикалық кеңесті колледж директоры Ж.Тоғанова ашып, басым бағыттар бойынша жүргізілген жұмыстардың тиімділігіне тоқталды.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Бахадурова оқу сапасына мониторинг, аналитикалық талдау жасады.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша оқытушылардың жұмыс рейтингісі туралы ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі Р.Шермаханова хабарлама жасады. Колледждегі оқу-әдістемелік бағыт бойынша атқарылған жұмыстарға директордың оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Д.Ділдәбекқызы тоқталды. Сонымен бірге оқу-өндірістік жұмыстар бағытында, ақпараттық технологиялар бағытында атқарылған жұмыстар бойынша есеп тыңдалды. Педагогикалық кеңес соңында ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.