М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж кітапханасында 17 қаңтар күні кітапхананың қызмет түрлерімен хабардар етуге бағытталған – «Кітаптар қалашығына саяхат» тақырыбындағы ашық есік күні ұйымдастырылды. Шараға «Шетел тілі» мен «Өнер» бөлімі студенттері қатысып, белсенділік танытты.
Мақсаты: оқырмандарға білімнің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру, ғылым мен білімнің пайдасы, балалар басылымдарын насихаттау. Шара барысында кітапхана қызметкері қатысушыларды кітапхана тарихымен, «кітап қоры», «абонемент», «оқу залы», «оқырман формуляры» ұғымдарымен, кітапхананы пайдалану ережелерімен, кітапхана мен оқу залы жұмыс уақытымен, кітап қорының ерекшеліктерімен, сондай-ақ каталогтармен және анықтамалық қорлармен: энциклопедиялар, сөздіктермен таныстырды.
Түрлі-түсті кітап көрмелері мен кітап керуені, әдеби ойындар арқылы кітапханаға оқырмандарды тартумен қатар, кітап қорының байлығын ашатын кітаптың құрылымымен, кітаптың шығу тарихымен таныстырып, кітаптың әрбір адам өміріндегі маңызы туралы айтылды.
Шара соңында ашық есік күніне қатысқан оқырмандар кітап оқудың терең тәрбиелік мәнін түсініп, кітап оқитын қоғамға өз үлестерін қосуға ниеттерін білдіріп қайтты.