
23-24 сәуір күндері Сыр өңіріндегі білімнің қара шаңырағы М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен дәстүрлі «Жастық жалынымыз - Сүйікті Отанымызға!» атты республикалық патриоттық форумы өткізілмек.
Оқу орнымыздың Кеңес Одағының Батыры М.Мәметова есімімен аталуы - біз үшін үлкен мақтаныш және үлкен жауапкершілік.
Мәңгілік елдің айбынды азаматы болуға тәрбиелеу мақсатындағы шара жыл сайын Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылады.
Биыл - адамзат тарихындағы ең қасіретті де қасиетті күндердің бірі саналатын Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Бұл – сан миллиондаған жүректің табандылығы мен ерлігінің жемісі.
Мәңгілік даңқ! Мәңгілік ерлік! Бұл – майдандағы от кешкен батырлар мен тылдағы ерен еңбектің, ұлт бірлігінің, шексіз Отансүйгіштіктің айғағы!
Қазақ жастары – еліміздің болашағының тірегі, елдік пен ерліктің жалғасы!
Форумның басты мақсаты — жастардың жүрегіне ұлттық рухты ұялату, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік сезімін терең қалыптастыру.

Бұл форум –
Тек шара емес,
Бұл — рухани сабақтастық,
Бұл — елжандылықтың алауы,
Бұл — жастарды жігерлендіретін өмірлік бағыт!
Ұлт болашағы – жастардың жүрегіндегі Отанға деген сүйіспеншіліктен басталады!
Сол себепті, барлық белсенді жастарды, патриот ұстаздар мен тәлімгерлерді
бұл тарихи форумға қатысуға шақырамыз!