ҰЛЫ ЖЕҢІС - МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ!

ҰЛЫ ЖЕҢІС - МӘҢГІЛІК ТАҒЗЫМ!

2025-04-19

«Филология» бөліміне қарасты ОТ-Р-22к оқу тобында Жеңістің 80 жылдық мерейтойына арналған «Женщина на войне: героизм Маншук Маметовой» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатына колледж директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Исаева Гүлдана Маралбекқызы, топ жетекшісі Қырмызы Болатқызы және студенттер қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты:
- Студенттерге соғыс жылдарындағы әйелдердің жанқиярлық ерлігі мен қайсар рухын түсіндіру;
- Мәншүк Мәметованың батырлық жолын насихаттау;
- Отансүйгіштікке, қайсарлық пен елжандылыққа тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында студенттер патриоттық өлеңдер оқып, Мәншүк Мәметованың өмірбаяны мен өнегелі ерлік жолына таныстырылым жасап және ескі қағаз үлгіде майданнан жазылған хаттар оқылып, Мәншүк Мәметова туралы викториналық сұрақтар қойылып, аяғында студенттер патриоттық өлең шырқады. Бұл шара аға ұрпақтың рухына тағзым етіп, әрдайым ерліктерін еске алып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыруымыз қажет екендігін ұғындырды. Өткенге құрмет, болашаққа сеніммен қарау арқылы біз Ұлы Жеңістің рухын сақтап қаламыз. Бейбітшілік пен еркіндік, тек қана бүгін емес, ертең де біздің басты құндылығымыз болатыны сөзсіз.