
2025 жылдың сәуір айында, «Атаулы күндер айлығы» аясында колледж кітапханасында көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының жауынгері, публицист Сәуірбек Бақбергеновтің туғанына 105 жыл толуына орай «Ұлт рухын жырлаған қаламгер» атты кітапхана сағаты ұйымдастырылды. Шараға «Шетел тілі» бөлімі ШТМ-24 оқу тобының студенттері қатысты.
Кештің мақсаты – жастардың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау, көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және кітапсүйер студенттерді қолдау.
Іс-шара барысында Сәуірбек Бақбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы кеңінен таныстырылды. Ол – сұрапыл соғысты бастан өткеріп, елге оралған соң шығармашылыққа ден қойған қаламгер. Шарада жазушының 28-гвардиялық Панфилов дивизиясындағы жауынгерлік жолы, майдан даласындағы қызметі, Талғат Бигелдинов пен Бауыржан Момышұлы жайлы жазған очерктері туралы кеңінен сөз болды.
Кеш барысында студенттер белсенділік танытып, шығармалар бойынша өз ойларын ортаға салып, мазмұнды пікірталас ұйымдастырды. Бұл шара жастардың патриоттық рухын көтеріп, ұлт тұлғаларына деген құрмет сезімін нығайтты.