
Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Хакім Абай дегенің – халықтың сөзі, ақын Абай дегенің – дала сыры» тақырыбында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында тоғызқұмалақтан өткен облыстық ашық турнирде жарқын жетістіктер!
«Болашақ» университетінде өткен турнирде колледж білім алушылары (қыздар командасы) жеңімпаз атанды.
Жүлделі орындар: І орын - Тұрғанбай Парасат, ІІІ орын иегерлері - Абдыхалық Нұрайым, Кеңес Ботагөз.
Алғыс хат иегерлері:Амангелді Арай, Алтынбекқызы Жұлдыз, Ғабитова Інжу.
Жетекшілері Ерниязова Маусымжан, Баймбетов Асылбек қала әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Жетістіктеріңіз толастамасын, биіктен көріне беріңіздер!