«ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!» тақырыбындағы республикалық патриоттық форум жалғасуда.

«ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!» тақырыбындағы республикалық патриоттық форум жалғасуда.

2025-04-23

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!» тақырыбындағы республикалық патриоттық форум жалғасуда.
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жылдың басында «Ана тілі» басылымына берген сұхбатында Ұлы Жеңістің 80 жылдығының мән-мағынасына тоқтала келіп, «Әлия Молдағұлованың, Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың өшпес ерлігін міндетті түрде жадымызда жаңғыртамыз» деген болатын. Батыр қыздың есімін текті төсіне таққан күннен бастап Мәншүктің ерлігіне тағзым жасауды сан түрлі форматта насихаттап келе жатқан оқу орнындағы бүгінгі форум соның бір парасы.
⚜️«Достық» үйінде өткен патриоттық форумның пленарлық мәжілісінде 300 қатысушыға майдангерлер ерлігін дәріптеуге байланысты баяндамалар, зерттеу жұмыстары, жобалар ұсынылды. Форум барысында Қызылорда облысы әкімі орынбасары Байманов Шахмардан Асқарұлы Қызылорда облысы әкімі Н.Нәлібаевтың "Алғыс хатын" табыстады. Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Әлия облыстық патриоттық тәрбие беру орталығының» басшысы Тупенова Бағдаш Әбдіжамиқызы естелік сыйлығын тарту етті. Форум соңы студент жастардың үндеуімен қорытындыланды.