
Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Отан қорғаушылар мерекелері қарсаңында Қызылорда облысы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, облыстық білім басқармасы, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен «ЖАСТЫҚ ЖАЛЫНЫМЫЗ – СҮЙІКТІ ОТАНЫМЫЗҒА!» тақырыбындағы республикалық патриоттық форум жалғасуда.
Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында Т.Әліпқали, А.Мәметованың «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр», А.И.Халимульдина, А.К.Халимульдиннің «Звездный час Маншук» кітаптарының желісі бойынша дайындалған «Батыр Мәншүк» мультиформатты перформанс (көпформатты қойылым) көрсетілді.
Қойылым барысында 200-ге жуық қатысушы (колледж студенттері мен оқытушылары) қамтылса, 700-ге жуық көрермен осы патриоттық қойылымды тамашалай алды. Бүгінгі күн – ертеңгі тарих! Сүйікті Отанымыз үшін жалындап жанатын жастық жалын ешқашан сөнбесін!