23 сәуір - Ұлттық кітап күні.

23 сәуір - Ұлттық кітап күні.

2025-04-23

Осынау атаулы мереке халық арасында кітап оқуды насихаттауға септігін тигізеді. Бұл – қоғамның, соның ішінде жастардың мәдени, рухани жетілуіне жасалған маңызды қадам. Қоғамды дамытудағы басты факторлардың бірі – оқырман ұлт қалыптастыру. Бұл міндет кітапқа деген қызығушылық пен оқу мәдениетін нығайту арқылы жүзеге асады. Жастардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту – Қазақстанның рухани, мәдени, ғылыми мүдделері мен білім беру салаларын нығайтудың негізгі бағыттарының бірі. Осы орайда кітапханашылардың ұйымдастыруымен коворкинг орталығында «23 сәуір – Ұлттық кітап күніне» арналған «Шекарасыз кітапхана: бүгін біз бірге оқимыз» атты акциясы өткізілді. Акцияға кітапхананың оқуға құштар белсенді оқырмандары қатысып, өз оқыған кітаптарын жарнамалап таныстырды.
Мақсаты: кітап оқу, сыни ойлау, пікір алмасу сияқты үш маңызды қабілетті дамытуға бағытталған.
Оқырмандардың кітапты оқығаннан кейін ой қалыптастырып, пікір алмасып, кітаптан кейінгі талқылау - «Ой шақыру» шарасы маңызға ие.
Креатив: «Осы кітап менің өмірімді өзгертті...» және «Авторға көкейімде қалған сұрақ», «Өзімнен кейінгі оқырманға ұсыныс» сияқты түрлі тақырыпта кітаптан алған бір ойымен бөлісіп, стикерге жазу арқылы пікір қалдырады.
«Шекарасыз кітапхана: бүгін біз бірге оқимыз» акциясы кітапхана мен оқырман арасындағы байланысты одан әрі нығайтып, оқуға шақырудың жаңа үлгісін қалыптастыруда қолданылып келеді.