«МЕРГЕН АРУ-2025» атты республикалық әскери-патриоттық мергендер сайысы

«МЕРГЕН АРУ-2025» атты республикалық әскери-патриоттық мергендер сайысы

2025-04-24

«Жастық жалынымыз - сүйікті Отанымызға!» атты республикалық жастардың патриоттық форумы аясында «Мерген ару-2025» атты республикалық әскери-патриоттық мергендер сайысы өткізілді.
Сайыстың нәтижесінде Ақтобе жоғары гуманитарлық колледжінен қатысушы Ивадулла Нұрлы Баубекқызы (20 ұпай) 1-орын, Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінен қатысушы Дайржанова Құралай Асуановна (16 ұпай) 2-орын, Ақтөбе медициналық жоғары колледжінен қатысушы Әділбек Жанель (11 ұпай) 3-орын иеленді. Қалған қатысушы мерген аруларға, жетекшілеріне «Алғыс хаттар» табысталды.
Жалынды жастарды, мерген аруларды жеңістерімен құттықтаймыз!
Шығыс халықтарының тарихында әйелдер арасында тұңғыш рет теңдесі жоқ ерлік көрсетіп, туған Отанын, халқымыздың ар-намысын қорғаған Мәншүк есімі барлық уақытта да жастарға өшпес өнеге болмақ. Ал оның жарқын бейнесі соңынан ерген ұрпақтың жүрегінде мәңгі сақталады. Мәншүк өмірі, ерлігі миллиондаған қазақ жастарының жүректерінде үлкен отаншылдық сезімдерді туғызары сөзсіз. Ерлік мәңгі жасайды!