«Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға» атты республикалық патриоттық форумның екінші күні республиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтар Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барды.

«Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға» атты республикалық патриоттық форумның екінші күні республиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтар Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барды.

2025-04-24

«Жастық жалынымыз – сүйікті Отанымызға» атты республикалық патриоттық форумның екінші күні республиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтар Қармақшы ауданындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне барды. Келген қонақтарды Қармақшы ауданы әкімдігінен әкім орынбасары Смағұлов Самат Қыдырбекұлы, «Қорқыт ата» мемориалдық музейінің директоры Нұрлан Бақтиярұлы, Қармақшы ауданының әжелер ансамблі әннен шашу шашып қарсы алды. Республикадан келген меймандар «Қорқыт ата» музейін аралап, Мұражай экспозициясында Қорқыт өмір сүрген дәуірдің тарихы мен мәдениеті жайлы мәліметтер беретін материалдармен танысты. Содан соң, амфитеатрда арнайы дайындалған тарихи-танымдық бағдарламаны тамашалады. Амфитеатрдағы бағдарлама Қорқыт аңыздарының ішінде әлемге кең тараған – «Қорқыт пен қырық қыз» туралы прологпен басталды. Танымдық концерт тізгінін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, жырау Марат Сүгірбай ұстады. Марат Сүгірбай Қорқыт ата туралы аңыздар мен ғылыми деректерді келтіре отырып, Түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атаның бай рухани қазынасы туралы мәлімет берді. Аудан өнерпаздары танымдық концерттің мазмұнын ашып, жыр-термелер мен, Қорқыт күйлерін орындап, көрермен көңілінен шықты.