
23-25 сәуірде «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Тәлімгерлер калейдоскопы: жазғы палитра» педагогикалық отрядтардың Республикалық слеті өтті.
Жиынға еліміздің 8 облысынан балалар сауықтыру лагерлерінің педагогикалық отрядтары, Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік оқу орындарының қалыптастырылған педагогикалық отрядтары қатысты. Олардың қатарында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж студенттерінен құрылған «M&M’s» педагогикалық отряды да бар.
Қатысушылар слет бағдарламасы аясында танысу кафесі, педагогикалық отряд командаларының визиткасы қорғалып, «Менің кәсібім – менің мақтанышым!» бейнероликтер конкурсы және заманауи би марафоны өткізілді. «Балдәурен» РОСО ұйымдастырушы пелагогтердің шеберлік сыныптарына қатысып, мәдени экскурсияға қатысты.
“Бастауыш білім берудің педагогикасы мен әдістемесі” бөлімінің оқытушысы Жетілгенова Айнұр Амандыққызының жетекшілігімен арнайы барған педагогикалық отряд құрамында ББ-Б-22 тобы студенті Дүйсенова Мөлдір Қуанышқызы, ББ-П-22 тобы студенті Марат Сымбат Еркебұланқызы, ҚТ-Ж-21 тобы студенті Камаладин Мая Ерланқызы, ДТ-Ш-21к тобы студенті Арысбай Диас Айболатұлы, ХК-Ш-22 тобы студенті Жақыпжанқызы Аружан, ДТ-Ф-23 тобы студенті Мусабаев Рамазан Алтайұлы, ДТ-Ф-23 тобы студенті Мүсілім Думан Ермұратұлы, АХ-Ж-22 Тілеубеков Темірлан Еркебайұлы қатысып, нәтижесінде «M&M’s» белсенділік танытып, ІІІ орынға ие болды.