
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледж базасында "Кіші сыныптарда оқыту" құзіреттілігі бойынша «WORLDSKILLS KAZAKHSTAN-2025» ұлттық чемпионатының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді. Чемпионаттың мақсаты- қатысушылардың біліктілік стандартына сәйкес білім мен дағдылары, мамандыққа сай құзыреттіліктерінің деңгейін сараптау.
Чемпионатқа облысымыздың ТжКБ колледждерінен, 011401000- «Бастауыш білім беру» мамандығының студенттері қатысты.
1. «Сейхун» колледжі - Қасым Альбина Еркінқызы (жетекшісі-Әбдіразаққызы Ақерке)
2. Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі - Ғалымжанқызы Әсия (жетекшісі-Төлешова Мархабат Ержанқызы)
3. «Болашақ» университетінің жоғары колледжі - Мақашова Алтынай Бақытбекқызы (жетекшісі - Мырзашова Құралай Баяхметқызы)
4. «Orda» жоғары колледжі - Жұмабек Ақниет Сұлтанқызы (Алибаева Айгуль Ергазыевна)
5. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі - Нұргелдиева Қарақат Ерболқызы (жетекшісі- Шалапова Гульнур Набихановна)
6. «Абылайхан» атындағы жоғары колледжі - Аманқос Ақерке (жетекшісі-Нағыметова Айнұр Рашидқызы)
Чемпионатта қатысушылар 3 модуль бойынша бақтарын сынады: Модуль А - бастауыш сыныптарды интерактивті жабдықты қолдана отырып пәндердің бірінде сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңін) әзірлеу, әдістемелік қолдау және жүргізу, Модуль В-патриоттық, эстетикалық, экологиялық, адамгершілік тәрбиесінің бір бағытынан сыныптан тыс іс-шара презентациясын әзірлеу, Модуль С- экологиялық тәрбие бағытынан білім алушының жоба-зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру үшін жоба паспортын жасау.
Чемпионат нәтижесін бағалауға қаламыздың инновациялық мектептерінен тәжірибелі педагог-зерттеуші санатындағы бастауыш сынып мұғалімдері сарапшылық жасады.
1. Есқабылова Жанар Әбдірашитқызы - Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі мұғалімі;
2. Толыбекова Арайлым Сахиевна- "Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейі" мұғалімі;
3. Жаксылыкова Мадина Алмахановна -
7 мектеп-лицейі мұғалімі.
Чемпионат нәтижесінде М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі қатысушысы Нұргелдиева Қарақат Ерболқызы (Г.Шалапованың жетекшілігімен) республикалық кезеңге жолдама алды.
Республикалық чемпионатқа қатысушы студентімізге сәттілік тілейміз!