
2025 жылғы 30 сәуірде Астана қаласында Қазмедиа орталығында Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаевтың "Қазақстан Республикасы колледждерінің Топ-100 студенті" республикалық байқауының жеңімпаздарымен кездесуі өтті.
Конкурстың мақсаты – техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дарынды студенттерді анықтау және қолдау, олардың кәсіби өсуіне жағдай жасау және Қазақстан экономикасы үшін кадрлық резерв қалыптастыру.
Жобаның ерекшелігі – жүйелі тәсілінде. Бұл жай ғана жарыс емес, студенттерді, бизнесті және мемлекетті біріктіретін, сұранысқа ие жаңа буын мамандарын қолдауға арналған тұғырнама.
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінен қатысушы Райсова Нұрай Батырбекқызы, Дүйсенова Мөлдір Қуанышқызы, Сағдатқызы Арайлым мен Арысбай Диас Айболатұлы Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасындағы «Колледждердің Үздік 100 студенті» республикалық конкурсының жеңімпаздары ретінде Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің дипломымен, «TOP 100 студент» медалімен марапатталды.
ТОП-100 - бұл жай ғана сайыс емес. Бұл – кәсіби білім берудің маңыздылығын мойындау, еңбек пен білімге негізделген талант тек студенттің ғана емес, тұтас елдің болашағын өзгертуге қауқарлы екенін дәлелдеу.
Жеңімпаз жастарымызды құттықтаймыз!