
Қайрат Құрманбаевпен рухани тәрбие жөнінде мазмұнды кездесу өтті
Бүгін, 2025 жылдың 5 мамырында М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінде белгілі қоғам қайраткері, теолог, исламтанушы, дінтанушы, PhD доктор Қайрат Құрманбаев студенттермен кездесіп, «Дін - көркем мінез» тақырыбында дәріс оқыды.
Кездесу барысында спикер жастарды дінге сауатты көзқараспен қарауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамда жалған діни ағымдардан сақтануға шақырды. Ол жеке өмірінен мысал келтіре отырып, діни таным мен тәрбиенің адам өміріндегі рөлі туралы ашық әрі мазмұнды ойларымен бөлісті.
Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Еркін форматта өткен кездесу жастарға үлкен ой салып, рухани серпіліс сыйлады.
Кездесу соңында естелік суреттер түсіріліп, қатысушылар тарапынан жылы пікірлер айтылды.
Колледж басшылығы атынан Қайрат Құрманбаевқа алғысымызды білдіреміз! Осындай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.