
Колледждерге бөлінетін қаржы екі есеге артады.
Кәсіптік білім алушыларға мемлекет қолдауы артып келеді. 1 қыркүйектен бастап бір студентке арналған жылдық қаржыландыру көлемі 912 мың теңгеге дейін өседі.
Салыстырмалы түрде айтсақ, қазіргі кезде бұл сома 437 мың теңгені құрайды.
Бүгінде Қазақстанда 772 колледж бар. Олар 227 мамандық және 753 біліктілік бойынша маман дайындайды.