«Кәсіподақтар үйі» ғимаратында Білім кәсіподағының ұйымдастыруымен Ауған соғысында ерлік көрсетіп, аймақтың білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерлермен кездесу өтті.

«Кәсіподақтар үйі» ғимаратында Білім кәсіподағының ұйымдастыруымен Ауған соғысында ерлік көрсетіп, аймақтың білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерлермен кездесу өтті.

2025-05-07

«Кәсіподақтар үйі» ғимаратында Білім кәсіподағының ұйымдастыруымен Ауған соғысында ерлік көрсетіп, аймақтың білім саласында еңбек етіп жүрген ардагерлермен кездесу өтті.
«7 мамыр – Отан қорғаушы күні» қарсаңында өткізілген басқосуда Білім кәсіподағының төрағасы Гүлнар Бабабекқызы Ауған соғысының ардагерлерін құттықтап, олардың ел мен ұлтқа сіңірген еңбектері мен шынайы патриотизмінің бүгінгі жас ұрпаққа берер үлгі-өнегесіне тоқталды. Кездесу барысында ардагерлер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, кәсіподақ қызметіне сәттілік тіледі. Жиын соңында Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік сый-сияпаттар табысталды.
Ауған соғысы ардагерлерімен болған кездесуде колледжіміздің ұстазы, Ауған соғысының ардагері Мырзақоңыров Бақытбек Кенжебекұлы да кәсіподақ төрағасы қабылдауында болып, арнайы құттықтауымен марапатталды. Баршаңызды еліміздің айбынды мерекесі – Отан қорғаушы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отаншылдық рухы қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып қалыптасқан. Сондықтан да, бұл күн қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні деп есептейміз.