
М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжінің «Филология» бөлімінің ұйымдастыруымен 1-курс студенттері арасында «Әскердегі ағама хат» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Студенттерге Отан алдындағы борышын өтеп жүрген азаматтарға деген құрмет пен сағынышты көркем тілмен жеткізуге мүмкіндік беру, патриоттық сезімді ояту, шығармашылық қабілеттерін дамыту және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Эссе жазу байқауы нәтижесінде
І орын иегері: ҚТ-Ж-24 оқу тобының студенті Нұрланқызы Жанерке
ІІ орын иегері: ШТ-Д-24 оқу тобының студенті Мархабатқызы Жанель
ІІІ орын иегері: ШТ-Д-24 оқу тобының студенті Нұрланқызы Жанерке марапатталды.