"ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ"

"ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ"

2025-05-09

"ҰЛЫ ЖЕҢІС – ҰРПАҚҚА АМАНАТ"
Жеңістің 80 жылдығына орай кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен "Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат" атты патриоттық шара өтті. Іс-шараға МДБТ-22 және ҚТЖ-23 оқу топтарының студенттері қатысты.
Шараның мақсаты – Ұлы Жеңістің тарихи маңызын ұғындыру, жастарға соғыс туралы шынайы білім беру, ардагерлердің ерлігін насихаттау, батырлардың есімін ұлықтау және жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеу.
Бүгінгі күн – ұрпақ жадында мәңгі сақталатын, қасиетті де қастерлі күн. Осыдан тура 80 жыл бұрын ата-бабаларымыз Отан үшін, болашақ үшін, бейбіт өмір үшін күресіп, жанқиярлықпен жеңіске жетті. Сол ерліктің арқасында бүгін біз бейбіт аспан астында өмір сүріп отырмыз.
Іс-шара барысында: Батырларға арналған арнау өлеңдер оқылды. Қазақтың ержүрек қызы Мәншүк Мәметованың ерлігін танытатын "Мәншүк — елінің ержүрек қызы" атты көрініс қойылды. "Ұрпаққа ұран ұлы есім" тақырыбындағы кітап көрмелері көпшілік назарына ұсынылды.
Мұндай тағылымды іс-шаралар жастардың отансүйгіштік сезімін арттырып, тарихи жадыны жаңғыртуға зор үлес қосады. Ұлы Жеңіс – ұрпаққа қалдырылған аманат, сол аманатқа адал болу – әр азаматтың парызы.